Әуежайларда жаңа бағыттарды іске қосу жоспарланып жатыр. Бұл туралы көлік министрлігі хабарлады.
Қостанайда облыс орталығының әуежайын қайта жаңартудың қаншалық орынды екендігі туралы мәселе көтеріліп жатыр.
Көлік министрі Марат Қарабаев Қостанай облысына барып, тұрғындарымен кездесті.
Әуе қатынасына қатысты сұрақтар қоғамда жиі талқыланатын мәселе. Билеттер қымбат, ол рас. Қазірі таңда жаңа лоукостермен халықаралық компанияның отандық нарыққа шығу мәселесін пысықтап жатырмыз. Бәсекелестік пайда болса, сәйкесінше билет құны да төмендейді. Сонымен қатар азаматтардың әл-ауқаты да өсіп келеді. Бұл әуе тасымалдарға деген сұраныстың жыл ішінде 27%-ке өсуімен түсіндіріледі. Аталған сұранысты қанағаттандыру үшін біз жаңа ұшақтарды сатып ала бастадық, — деді министр.
Оның айтуынша, биыл тағы 11 ұшақ сатып алынады, сол кезде Қазақстанда 100 ұшақ болады.
Ал 2025 жылға қарай отандық жолаушылар авиакомпанияларының145 жекеборты болатыны жоспарланып жатыр.
Сонымен қатар жаңа авиамаршруттарды іске қосылуы мүмкін.