Басты бетЖаңалықтарАстанада көлік...

Астанада көлік жүргізуші шетел азаматынан 45 мың теңге алған

22 қарашада такси жүргізушісі Үндістан азаматынан оны Астана әуежайынан қонақүйге жеткізгені үшін 45 000 теңге алды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Полиция қызметкерлері Астанадағы таксопарктердің бірінің жүргізушісін ұстады. Ол шетелдікті алдап, халықаралық әуежайдан қонақүйге дейінгі бағаны әдейі көтерген. Такси жүргізушісі өз кінәсін мойындап, залалды толық көлемде өтеді.

Сонымен қатар құқық бұзушы 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынып, таксопарктің атына осындай құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын жою туралы ұсыныс жіберілді.