Мектептің бас бухгалтері бір жыл бойы мектептің ақшасын өзінің жеке шотына заңсыз аударған. Бұл туралы қалалық бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.
Аталған факті бойынша Бостандық ауданының прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады. Тергеуде мектеп бухгалтері өз кінәсін толығымен мойындады.
Сот үкімімен кінәлі адам Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы (сеніп тапсырылған мүлікті иемдену және ысырап ету) бойынша материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан 5 жыл мерзімге айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды, — делінген хабарламада.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.