Басты бетЖаңалықтарҚасым-Жомарт Тоқаев...

Қасым-Жомарт Тоқаев СПЕКА қатысушыларының бірінші саммитінде сөз сөйледі

Президент БҰҰ-ның Орталық Азия экономикаларына арналған арнайы бағдарламасына (СПЕКА) қатысушы мемлекеттер басшыларының бірінші саммитіне қатысты. Бұл туралы Aqorda.kz хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев саммитті жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевке алғыс айтып, Орталық Азия елдері басшылары мен жиынға қатысушы құрметті қонақтарға ілтипат білдірді.

Қазақстан 1997 жылы БҰҰ-ның Орталық Азия экономикаларына арналған Арнайы бағдарламасын құруға бастамашы болды. Қазіргі уақытта бұл бағдарламаның өңірлік ынтымақтастықты кеңейту және жаһандық экономикалық процестерге қосылу тұрғысынан тиімді платформаға айналғанын ерекше атап өткім келеді. Былтыр Қазақстанның төрағалығы аясында біз Бағдарламаның негізгі бағыттары жөніндегі ықпалдастықты нығайтып, оны жүзеге асыру үшін маңызды шаралар қабылдадық, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, Қазақстан СПЕКА-ны дамытуға, Орталық Азия мен Кавказ өңірінің ынтымақтастығын нығайтуға Әзербайжан Республикасының қосқан үлесін жоғары бағалайды.

Бүгінде Қазақстанда мемлекеттік бюджеттің 80 пайызы орнықты даму мақсаттарына сәйкестендірілді. Үкіметіміздің ең басты міндеті – сапалы білім беру мен денсаулық сақтау ісінің баршаға қол жетімді болуын қамтамасыз ету. Жуырда күшіне енген жаңа Әлеуметтік кодексте әлеуметтік осал топтарға жататын азаматтарды қорғау тетіктері жетілдірілді, – деді президент.

Бүгінде Қазақстанда мемлекеттік бюджеттің 80 пайызы орнықты даму мақсаттарына сәйкестендірілді. Үкіметіміздің ең басты міндеті – сапалы білім беру мен денсаулық сақтау ісінің баршаға қол жетімді болуын қамтамасыз ету. Жуырда күшіне енген жаңа Әлеуметтік кодексте әлеуметтік осал топтарға жататын азаматтарды қорғау тетіктері жетілдірілді, – деді президент.

Президент Қазақстанның Алматыда Орталық Азия елдері мен Ауғанстан үшін БҰҰ-ның орнықты даму жөніндегі өңірлік орталығын құру туралы бастамасы осы мақсаттың үдесінен шығатынын айтты.

Біз бір-бірімізді бәсекеге қабілетті бағаға сай түрлі тауарлармен қамтамасыз ете аламыз. Осы арқылы өзге елдерден келетін импортты қысқартуға болады. Қазақстан СПЕКА елдеріне жалпы сомасы 2,3 миллиард доллар болатын 175 шикізаттық емес тауар түрінің экспортын ұлғайтуға дайын. «Жасыл» дәліздер жасау, түрлі кедергілерді алып тастау сауда-саттық жөніндегі ынтымақтастығымызға, соның ішінде құрылыс, химия және тамақ өнеркәсібі салаларындағы ықпалдастығымызға тың серпін береді. Оған қоса біз серіктестеріміздің тиісті ұсыныстарын қарастыруға дайынбыз, – деді мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазір Қазақстан 80-нен астам елге өнім экспорттайтынын айтты.