Облыстық сот ұжымы судьяларды құрметті отставкаға шығарып салып, жаңадан тағайындалған судьяны сот корпусына таныстырды. Түркістан облыстық сотында судьялар Аят Алшынбаев пен Жәнібек Сейітжаппаровқа құрметті отставкаға шығуына байланысты және Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 6 қазандағы №367 Жарлығымен Түркістан облысы Сайрам аудандық сотының судьясы лауазымына тағайындалған Ерубай Эдрисұлы Дусалиевты таныстыру салтанатты іс-шара өткізілді.
Салтанатты шараға облыстық, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары бейнебайланыс қолдану арқылы қатысты.
Түркістан облыстық сотының төрағасы Тұрысбек Мыятбековтың құттықтау сөзімен басталды. Сот төрағасы судьяларға көп жылғы адал еңбегі үшін алғыс айтып, денсаулық тілеп, сот төрелігі мен сот жүйесінің дамуына қосқан елеулі үлестерін атап өтті. Сонымен қатар, сот төрағасы Е.Дусалиевты тағайындалуымен құттықтап, жаңа қызметте сот төрелігін сапалы жүзеге асыруды және жетістіктерді тіледі.
Алшынбаев Аят Ерманұлының судьялық өтілі 20 жылдан асады. Өз қызметін Келес ауданы Абай мақта совхозының жұмысшысынан бастап, түрлі кезеңдерде Мәдениет үйінің меңгерушісі, Леңгір аудандық халық сотының сот мәжілісінің хатшысы, Келес аудандық халық соты сот орындаушысы, Оңтүстік Қазақстан облысынының Соттар әкімшісінің жетекші маманы, Төлеби аудандық сотының судьясы, Оңтүстік және Түркістан облыстық сотының судьясы қызметтерін атқарған.
Сейітжаппаров Жәнібек Әлібекұлының судьялық өтілі 30 жылдан астам. Өз қызметін Шымкент облыстық зенетақы және жәрдемақы төлеу орталғының инспекторынан бастап, Сарыағаш аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің инспекторы, “Облсельхозтехника” Шымкент материалдық-техникалық қамтамасыз ету базасының заңгері, Орал облысы Приурал аудандық прокурорының көмекшісі, Орал облысы Қаратөбе аудандық прокуратурасының тергеушісі, Орал облысы Қаратөбе аудандық халық сотының судьясы, Байқоңыр қаласының 54241 әскери бөлімінің әскери соты төрағасының орынбасары, Шымкент гарнизоны әскери сотының судьясы, Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы, ОҚО және Түркістан облысының қылмыстық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы, Төлеби аудандық сотының төрағасы қызметтерін атқарған.
Е.Дусалиев бұған дейін Астана қаласының адвокаттар алқасының адвокаты лауазымын атқарған.
Жұмыс барысында А.Алшынбаев пен Ж.Сейітжаппаров өздерін білікті және жауапты судьялар ретінде көрсетті.
Әріптестері адал және мінсіз қызметі, жоғары кәсіби деңгейі, жеке адами қасиеттері үшін алғыстарын білдірді.
Өз кезегінде А.Алшынбаев, Ж.Сейітжаппаров Түркістан облыстық сотының төрағасы мен сот ұжымына бірлесе атқарған жұмыстары үшін алғыстарын білдірді.
Ұжым атынан судьяларға естелік сыйлықтар табысталды.