Әсет Мағауовтың айтуынша, дизель отынының бағасын төмендету заңнамамен қарастырылмаған. Тауар өндірушілерге дизельдің бір тоннасы мұнай базаларынан 127 теңгеден босатылады. Ал тасымалдау және сақтау шығындарын қосқанда, өңірлерге литріне 117-127 теңгеден жеткізілетін болады. Сондай-ақ, жанармай құю стансаларында дизель отынының бір литрі 131 теңге болады.
Әсет Мағауов, ҚР Энергетика вице-министрі:
Биылғы жылы Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, өңірлерге дизель отынын жеткізу кестесін бекіттік. Көктемгі егіс жұмыстарына 375 мың тонна дизель отыны жеткізіледі. Оның 79 мың тоннасын Атырау мұнай өңдеу зауыты, 233 мың тоннасын Павлодар мұнай-химия зауыты, 63 мың тоннасын Шымкент мұнай зауыты береді.