Басты бетЖаңалықтарАлматыдағы кей...

Алматыдағы кей ғимараттар уақытша жылудан ажыратылады

Алматының Жетісу ауданында кейбір ғимараттарға жылу беру уақытша тоқтатылады. Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Биыл 23 қарашада Жетісу ауданының Рысқұлов — Жансүгіров — Глазунов — Сейфуллин көшелерінің аумағындағы, сонымен қатар Құлагер, Дорожник және Айнабұлақ — 1, 2, 3, 4 шағынауданындағы бірнеше тұрғын және өзге де ғимараттарға жылу беру уақытша шектеледі.

Сорғы станциясында ілмекті арматурасын ауыстыру бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жылумен және ыстық сумен жабдықтауды уақытша шектеу енгізіледі. Аталған қалалық секторда жылу мен ыстық су беруді түн ортасына дейін қалпына келтіру жоспарланған. Аталған ауданда тұратын алматылықтар мен қала қонақтарынан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз, — делінген хабарламада.