Қазақстан 1 триллион теңгеге жуық активті қайтарды. Бұл туралы сенаттың жалпы отырысында премьер-министр Әлихан Смайылов мәлімдеді.
Активтерді қайтару жұмысы қабылданған заң бойынша қатаң іске асады. Бұл қадамдар мемлекет басшысы жүргізіп жатқан реформа аясында жалғасып жатыр. Активтерді қайтарудың екі жолы бар — ерікті және мәжбүрлі. Мәжбүрлі қайтару сот шешіміне сәйкес жүргізіледі. Осы заңның қолданылуы аясына қамтылатын адамдарға тоқталса, бұл кісілер — әкімшілік ресурсты пайдалана отырып, активтерді заңсыз иемденгендер, — деді Әлихан Смайылов.
Осы орайда қазір қанша қаражат қайтарылғанын нақтыланды.
Қазір 1 триллион теңгеге тарта актив қайтарылды, оның 600 миллионға жуығы шетелден алынған, — деді үкімет басшысы.