«1995 жылы Тәжік-Ауған шекарасында ерлікпен қаза тапқан ҚР Ішкі әскерінің 17 жауынгерін еске алу мақсатында ҚР Ұлттық Ұланы 7 сәуір күнін Ерлік күні деп жариялаған болатын. Осы күні ҚР Ұлттық Ұланының бөлімшелері орналасқан аймақтарда ардагерлер, әскери міндетін өтеушілер Отан алдында борышын орындау барысында қаза тапқан жауынгерлерге құрмет көрсетеді», – деді ол.
Сонымен қатар Астанада Отан қорғаушылар монументінде Ішкі істер министрлігі басшылығының және ҚР Ұлттық Ұланының басшылығының қатысуымен салтанатты шара өтетін болады.
7 сәуірде Астанада «ҚР Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасына қызмет етемін!» атты әскерге салтанатты шығарып салу рәсімін өткізуді жоспарлап отыр.