Астана қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Берік Маржықпаевтың айтуынша, ЭКСПО көрмесі аясында еуропалық командалардың қатысуымен жолдастық кездесу ұйымдастырылуы мүмкін. Сол үшін «Астана Арена» стадионы 1 мамырға дейін уақытша жабылып, реконструкциядан өтіп жатыр.
«Алаңның сапасы УЕФА талаптарына сай болуы керек. Атақты ойыншылары келмесе де, «Челси», «Милан», «Арсенал» клубтарының екінші құрамдары келісім беріп қалуы тиіс», – дейді Б.Маржықпаев.
Оның айуынша, қазіргі кезде үш командамен келіссөз жүргізіліп жатыр екен.