Еліміздің солтүстігі мен шығысына Ресейден газ қашан тартылады?

Ресейден Қазақстанның солтүстігі мен шығысына газ тарту мәселесі жыл соңына дейін айқындалады. Бұл туралы энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов айтты.

Қазіргі уақытта еліміздің солтүстігі мен шығысын газдандыру мәселесін ресейлік серіктестермен пысықтап жатырмыз. «Газпром» компаниясы бүгінде аталған жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеп жатыр. Меніңше, жылдың соңына қарай еліміздің солтүстігі мен шығысын қалай газдандыратындығымызға қатысты мәселе айқындалады, — деді вице-министр БАҚ өкілдеріне арналған брифиңде.

Оның айтуынша, газ бағасы қанша болатындығы әзірше белгісіз.

Әзірше шешім жоқ. «Газпромнан» ресми деректерді алғаннан кейін қосымша хабарлаймыз, — деді Әлібек Жамауов.