Басты бетЖаңалықтарБүгін еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады

Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 20 қарашада ауа райы қандай болатынын жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстан Республикасының басым бөлігі солтүстік-батыс антициклонының ықпалында болады, күн жауын-шашынсыз болады деп күтілуде.

Тек республиканың батысында, қиыр шығысында, оңтүстік-шығысы мен оңтүстігінің таулы аудандарында циклон және онымен байланысты атмосфералық ағындардың әсерінен жауын-шашын (жаңбыр, қар), республиканың оңтүстік-шығысында кей уақытта түнде қатты жауын-шашын болады.

Қазақстан Республикасы бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, батыс және солтүстік-батыста желдің екпіні 23-28 м/с-ке күшейіп, көктайғақ болады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да