Басты бетЖаңалықтарБиыл Қазақстанда...

Биыл Қазақстанда 91 миллион тоннадан астам көмір өндірілді

Қазақстандағы көмірдің болжамды қоры 33,6 миллиард тонна болды, биыл республикада 91 миллион тоннадан астам көмір өндірілді.

Бұл туралы көмір өнеркәсібі мәселелеріне арналған сессияда сөз сөйлеген Қазақстанның өнеркәсіп министрлігі өнеркәсіп комитетінің төрағасы Азамат Панбаев мәлімдеді.

Сессия «Қазақстандық үлес 2.0» халықаралық форумы аясында өтті.

Сала электр энергиясының 70%-ін, кокс-химия жүктемесін және коммуналдық-тұрмыстық сектор мен халықтың отынға деген қажеттігін толық қанағаттандыратын негізгі рөл атқарады, — деп жазылған баспасөз қызметінің хабарламасында.

Азамат Панбаев геосаяси тұрақсыздықты ескере отырып, ішкі нарықты көмірмен қамтамасыз ету маңызды екенін атады.

Сонымен қатар жаңа жобаларды жүзеге асыруда көмірді пайдалану мүмкіндіктері кеңейіп жатқанына мәлімдеді. Ол «Шұбаркөл Көмір» компаниясының қуаттылығы жылына 400 мың тонна арнайы кокс өндіретін зауытына және «Богатырь Көмір» ЖШС-ның көмірді тасымалдау бойынша кезеңді-ағынды технологиясын енгізу бойынша бірегей жобасына салынған инвестицияны мысал ретінде келтірді.

Азамат Панбаев сонымен бірге сегіз жобаны іске асыруды және жаңа энергоблоктар мен жылу электр станцияларын салу жоспарын қамтитын отын-энергетика кешенін дамытудың 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасымен таныстырды.

Ол 2029 жылға қарай көмір өндіру 117 миллион тоннаға дейін артады деп есептейді. Бұл көлем түрлі салалардың, соның ішінде энергия өндірісінің, бюджеттік ұйымдардың, өнеркәсіптік кәсіпорындардың және халықтың қажеттіктерін толық қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Панбаев еліміздің көмір әлеуетін пайдалану тиімділігін арттыру үшін көмір өнеркәсібін дамыту және терең кешенді өңдеуге көшу міндеті тұрғанын айтты.