Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда ұлттық...

Қазақстанда ұлттық гидрогеология қызметі құрылады

Қазақстанда су ресурстары және ирригация министрлігі жанынан ұлттық гидрогеология қызметі қайта құрылады. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазіргі уақытта осы қызметті қайта құру мәселесімен айналысып жатқан екі басқармасы бар департамент ашылды. Сонымен қатар ұлттық гидрогеология қызметінің құрылымы мен жарғылық құжаттары әзірленді, олар жақын арада үкіметтің қарауына ұсынылады.

Министрліктің ұсынысы бойынша, ұлттық гидрогеология қызметі жерасты суларын басқару, іздестіру-барлау жұмыстарын және мемлекеттік мониториң саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру үшін ұйымдастырушылық және басқа да қажет құзыреттерге ие болады. Жерасты суларын тиімді пайдалану мәселесі ерекше бақылауда болады.

Болжам бойынша, Қазақстанда жерасты суларының көлемі шамамен 40 текше километрді құрайды, оның ішінде 15 текше километр – пайдалануға дайын қорлар. Қазіргі уақытта ел экономикасында жерасты суларын пайдалану үлесі небәрі 7-10% болды. Біз ауыз сумен жабдықтау, суару және жайылымдық мал шаруашылығы үшін жерасты су ресурстарын белсенді пайдалануға ниеттіміз. Бұл ретте еліміздің жерасты су қорларының сарқылуына және ластануына жол берілмейді, — деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.