Мемлекет басшысының өкімімен Айдос Рысбаев Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды.
Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Айдос Рысбаев 1974 жылғы 11 наурызда Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Қорғалжын ауылында дүниеге келген.
1996 жылы Ақмола университетін, 2005 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Б.С. Бейсенов атындағы Қарағанды заң институтын тәмамдаған.
Білімі бойынша мамандығы: заңгер
1996 жылғы қараша айынан бастап 1997 жылғы қазан айына дейін қарулы күштер қатарында болған;
1998 жылғы 9 сәуірден бастап Ақмола қаласы ІІБ Шығыс полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі бөлімше инспекторы;
2001 жылғы 29 қыркүйектен бастап Астана қаласы ІІБ Алматы ауданы ІІБ қылмыстық іздестіру бөлімінің жедел уәкілі;
2003 жылғы 13 наурыздан бастап Астана қаласы ҚІІБ Алматы ауданы ІІБ тонау және қарақшылықты ашу бөлімшесінің жедел уәкілі;
2003 жылғы 7 тамызда Астана қаласы ҚІІБ Алматы ауданы ІІБ криминалдық полиция бөлімінің аға жедел уәкілі;
2005 жылғы 30 маусымнан бастап Астана қаласы ІІД Алматы ауданы ІІБ криминалдық полиция бөлімі мүліктік қылмыстарды ашу бөлімшесінің бастығы;
2008 жылғы 24 шілдеден бастап Астана қаласы ІІД Алматы АІІБ криминалдық полиция бөлімі бастығының орынбасары;
2010 жылғы 1 қарашадан бастап Астана қаласы ІІД Алматы ауданы ІІБ тергеу бөлімінің бастығы;
2012 жылғы 26 қаңтардан бастап Астана қаласы ішкі істер департаменті тергеу басқармасы бастығының орынбасары;
2014 жылғы 4 қыркүйектен бастап Астана қаласы ІІД криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары;
2016 жылғы 13 қаңтардан бастап Астана қаласы ІІД Сарыарқа ауданы полиция басқармасының бастығы;
2019 жылғы 5 маусымнан бастап 2022 жылғы мамыр айына дейін Астана қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымында қызмет атқарды;
2022 жылғы мамыр айынан бастап ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы болды.