Басты бетЖаңалықтарАлматыда ауаның ластану деңгейі жоғары болатыны ескертілді

Алматыда ауаның ластану деңгейі жоғары болатыны ескертілді

16 қарашада Қазақстанның екі қаласында ауаның ластану деңгейі жоғарылайды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.

Синоптиктердің мәліметінше, Алматыда және түнде Атырауда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да