Басты бетЖаңалықтарЕлімізде жаңа...

Елімізде жаңа қала пайда болады

Алматы облысының Жетіген ауылы облыстық маңызы бар қала санатына қосылады. 

Жоба “Ашық” НҚА порталында жарияланды.

Алматы облысы Іле ауданының Жетіген ауылы облыстық маңызы бар қала санатына жатқызылсын. Алматы облысында құрылған жаңа қалаға Алатау атауы берілсін, — делінген Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы» Қазақстан Республикасы президенті жарлығының жобасында.

Жоба 29 қарашасына дейін жария талқылауға шығарылды. Жарлықты іске асыру жөніндегі қажет шараларды Қазақстан Республикасының үкіметі қабылдайды.