Алиса қазақ тілін түсініп, сөйлей бастады. Бұл — компанияның қазақ тіліндегі виртуал көмекшісінің дамуының алғашқы қадам. Ол қолданушыны қызықтырған сұраққа жауап береді, ауа райын айтады немесе жай ғана әңгімелесе алады.
Алисамен қазақша кез келген қолданушы сөйлесе алады. Ол үшін мобильді Яндекс Браузерге немесе Яндекс қолданбаға кіріп, көмекшінің интерфейсінен қажет тілді таңдасаңыз жеткілікті. Болашақта ол екі тілде қатар сөйлейтін болады.
Яндекс Қазақстан виртуал көмекшінің ұлттық тілді қолдану сценарилерін көбейтуді жоспарлап отыр.
«Алиса» виртуал ассистент қазақ тілінде түсініп, сөйлей бастады. Бұл мемлекеттік тілдің қолданылуы еліміздің аумағымен шектелмей, одан да тыс жерлерге таралуының маңызды қадамы екені сөзсіз. «Яндекс» халықаралық компаниясына және дауыстық көмекшіні қазақ тілінде сөйлеткен әрбір қызметкерге өз алғысымды білдіремін, — деді Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева.