«Dubai Airshow-2023» 18-ші халықаралық аэроғарыштық көрмесінде SCAT әуе компаниясы Boeing 737-MAX 8 типті жеті жаңа ұшақты жеткізуге келісімшарт жасасты.
Бұл туралы азаматтық авиация комитеті хабарлады.
Флотты тағы жеті жаңа Boeing 737-MAX 8 ұшағымен толықтыру әуе компаниясының тасымалдау сыйымдылығын арттырады, бұл өз кезегінде рейстердің уақытында орындалуына және бағыттыр желісінің кеңейтуге оң әсер етеді, — делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта SCAT әуе компаниясында 37 ұшақ бар. 2022 және 2023 жылдары Boeing 737 типті тоғыз жаңа ұшақ келген.
Ведомство қазақстандық әуе компанияларының паркін кеңейту жұмыстары жалғасатынын атап өтті.