Астананың отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы ұсталды.
Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.
Астана бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының қылмыстық әрекетінің жолын кесті. Сот санкциясымен күдікті қамауға алынды, — делінген ведомство таратқан хабарламада.
Айта кетейік, Астана отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының сайтында басқарма басшысы болып Марсель Ұзақов көрсетілген.