Басты бетЖаңалықтарЕлімізде кейінгі...

Елімізде кейінгі аптада 2 830 қылмыс тіркелді

Ел аумағында апта ішінде 2 830 қылмыс жасалды. Бұл туралы ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді.

Бір апта ішінде 2 830 қылмыс жасалды. Оның 1 715-і тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 11 кісі өлтіруді, алты өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, бір қарақшылық, 31 тонау және 377 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты, — деді ол ІІМ баспасөз қызметі алаңында өткен брифиңде.

Мәселен, Ақмола облысының екі тұрғыны трансформаторлық қосалқы станциялардан жабдықтарды кезекті рет ұрлау барысында ұсталған. Олар қосалқы станциядан төрт блок — модульдік релелік қорғанысты ұрлауға тырысқан.

Мұндай бір қорғаныстың құны 2,5 миллион теңге болды. Алты дерек бойынша жалпы шығын 100 миллион теңгеден асты. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды, — деді баспасөз қызметінің өкілі.