“Қазгидромет” РМК синоптиктері ертең, 13 қарашада елдің барлық дерлік өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады.
Ұлытау облысының шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, шығысында тұман болады.
Қарағанды облысының солтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында тұман болады.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с дейін жетеді.
Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Алматы облысының таулы аудандарында қатты қар жауады. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман. Батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік жартысында екпіні 15-20 м/с.
Алматыда түнде және таңертең тұман.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман.
Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с дейін жетеді.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында тұман болады. Батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман.
Ақмола облысының солтүстігінде, батысында тұман.
Түркістан облысында оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман болады.
Шымкентте түнде және таңертең тұман.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с.
Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15 м/с.
Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Батыстан жел соғады, күндіз Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с.