Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазселденқорғау» ММ қызметкерлері Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін екенін ескертті.
2023 жылғы 10-11 қараша аралығында Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында (2500 метр биіктігінен жоғары) қатты жауын-шашынның түсуіне және қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты қар көшкіні жүруі мүмкін, – делінген «Қазселденқорғау» ММ таратқан хабарламада.
Ведомство мамандары Алматы қаласының тұрғындарына көшкін жүру қаупіне байланысты қарлы беткейлерге шығудан бас тартуға кеңес берді.
Көмек қажет болса, 112, 109 немесе 8(727) 372 -15-60 нөмірлеріне қоңырау шалуға болады.