Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев жалақысы қанша екенін және елімізге екі палаталы парламент не үшін қажет екенін айтты.
Менің жалақым депутаттардың айлығымен деңгейлес. Сәл көбірек (1 миллион теңгеден – автор), — деді Мәулен Әшімбаев сенат кулуарында.
Мәулен Әшімбаев Қазақстанға сенат не үшін қажет екенін түсіндірді.
Біріншіден, сенат – өңірлердің мүддесін қорғайтын палата. Біздің еліміз бұл Астана мен Алматы ғана емес, бізде проблемасы өте көп өңірлер бар. Міне, сенат осымен айналысады. Екінші себебі – көптеген заң миллиондаған адамның тағдырын айқындайды, сондықтан оларды мұқият талдап барып әзірлеу қажет. Бұл жағдайда екі палаталы парламент тиімдірек жұмыс істейді: мәжілістің байқамай қалған не өткізіп алған дүниелерін біз мында көріп, жетілдіреміз, сөйтіп толығымен келісілген құжат қабылдаймыз. Ал үшінші себеп — елдегі бүкіл саяси құрылымның теңгерімі тұрғысынан сенат өте маңызды рөл атқарады, — деді ол.