Қазақстанда педофилдерге қатысты электронды база құрылды

Сотқа тартылған педофилдерді жинақтайтын электронды базаның құрылғаны туралы ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

“2016 жылдан бастап кәмілетке толмағандарға жыныстық қысым көрсетіп, қылмыстық жауапкершілікке тартылғандарды есепке алып, тіркеп, оларды электронды жүйеге енгізіп отырамыз. Деректер базасы 1991 жылдан басталады”, – делінген хабарламада.

Комитет сондай-ақ, автоматтандыруға қатысты құрылған ортақ ақпараттық терезеге 7 мыңнан астам орган мен әртүрлі деңгейдегі мекемелердің енгізілгенін жеткізіп отыр. Комитет сайтында мемлекеттік органдарға қатысты кез-келген сауалыңызды қойып, оған егжей-тегжейлі жауап ала аласыз.

Сайтта автокөліктердің жол апатына қатысы бар-жоғын анықтайтын қызмет түрі де ашылған. Пайдаланушылар “Көлік құралдарының жол-көлік оқиғасына қатысты ақпарат” парақшасындағы “Ақпараттық сервис” бөлімін таңдап, онда көлігінің нөмірін жазады. Сосын өз машинасының бұзған ережелеріне қатысты нақты ақпараттармен таныса алады.

Дереккөзstan.kz

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Мемлекет басшысы Алматыға жұмыс сапарымен келді

Мемлекет басшысы Алматыға жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады. 

Келесі аптада Алматыда күн 37 градусқа дейін ысиды

"Қазгидромет" РМК Алматының келесі аптаға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Ұлттық банк доллар мен рубльдің бүгінгі бағамын белгіледі

Ұлттық банк доллар мен рубльдің 30 мамырға арналған бағамын белгіледі.

Мемлекет басшысының қолынан кімдер шен алды?

Президент мемлекеттік туды көтеру рәсіміне қатысып, жоғары әскери оқу орындарының үздік түлектеріне офицерлік шен тапсырды. 

Доллар 443-448 теңгеден сатылып жатыр

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 443-448 теңгеден саудаланып жатыр.

Мүгедектігі бар адамдарға кредит беруді шектеуге жол берілмейді

Мүгедектігі бар адамдарға кредит беруді шектеуге жол берілмейді. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайыловтың мәжіліс депутаттары сауалына берген жауабында айтылған.