Әділет министрі Азамат Есқараев Алматының апорты Қазақстан бренді ретінде тіркелгенін мәлімдеді.
Апорт жөнінде Қазақстанға географиялық көрсеткішті тіркегенімізді қуанышпен хабарлаймын. Оның Алматыда, Қазақстанда шыққанын географиялық тұрғыда көрсеттік. Бұл жұмыс 2023 жылғы 13 қазанда жүрді. Қазір апортты халықаралық бренд ету жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Ол үшін тиісті қауымдастық Франция, Польша секілді дамыған елдерге жергілікті алмаларды экспорттау үшін материалдарды жеткізіп жатыр, — деді әділет министрі үкімет кулуарында.
Айта кетейік, бұған дейін президент Алматының апортын ұлттық бренд ету керек екенін айтқан еді.