Сондерс Головкиннен басым түседі — Том Литтл

Британдық боксшы Том Литтл iFL TV берген сұхбатында өз отандасы Билли Джо Сондерс пен қазақстандық Геннадий Головкиннің жекпе-жегіне қатысты өз ойын білдірді.

«Сондерс – үлкен әрі орта салмақ боксшысы. Ол Головкинге оңай қарсылас болмайды. Менің ойымша, егер қос боксшы жұдырықтасатын болса, онда Сондерс Головкиннен басым түседі», – дейді Том Литтл.

Айта кетейік, Головкин-Сондерс айқасы 10 маусым күні Астанада өтеді деп күтілуде. Қазіргі уақытта боксшылардың промоутерлері Том Леффлер пен Фрэнк Уоррен келіссөздер жүргізіп жатыр.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version