Ұлттық банк доллар мен рубльдің 7 қарашаға арналған бағамын белгіледі.
Атап айтқанда, 1 доллар құны – 462,46 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 5,01 теңге.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 463,5–467,5 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар 463–466,5 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 4,85–5,05 аралығында саудаланып жатыр.