Басты бетЖаңалықтарКәсіпкерлер Қазақстандағы...

Кәсіпкерлер Қазақстандағы параның орташа көлемін айтты

«Орташа параның көлемін екі категория бойынша бөліп қарадық. Біріншісі — жергілікті атқарушы билік органдарында — 38 мың теңгеден 488 мың теңгеге дейін — бір рет бересің. Саласы мен аймағына байланысты өзгеріп отыруы мүмкін» — деді «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Рүстем Жүріснов.

ҚР ҰЭМ «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ салалық талдау орталығының директоры Айжан Төлепбекова жемқорлық схемалардың пайда болу жиілігін 1 мен 4 балдық шкаламен есептеген. Мысалы, 1 балл — жемқорлық өте жиі кездеседі, 4 балл — ешқашан кездеспеген.

«Орташа есеппен кәсіпкерлер елдегі жемқорлық жүйені 3 балдан жоғары етіп көрсеткен. Демек, коррупциялық жүйенің пайда болуы елімізде өте сирек кездеседі», — деді Айжан Төлепбекова.

Дереккөз7kun.kz