Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық станциялар желісі бүгін сағат 4.57-де жер сілкінісін тіркеді.
Жерасты дүмпуінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 1 195 шақырым жерде, Өзбекстан аумағында орналасқан.
- Жер сілкінісінің энергетикалық санаты – 11.5
- MPV магнитудасы – 5.0.
- Жер сілкінісінің координаттары – 40.37° c.e. 63,08° ш.б.
- Тереңдігі – 15 шақырым.
- Cезілуі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): Қазақстан аумағында сезілген жоқ.