Басты бетЖаңалықтар«Қазақмыс» шахтасында...

«Қазақмыс» шахтасында жұмысшы қаза болды

«Қазақмыс» компаниясы Шығыс Жезқазған кенішінің №57 шахтасында қайғылы жағдай болды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақмыс» компаниясы 2023 жылғы 5 қарашада Шығыс Жезқазған кенішінің №57 шахтасында болған жазатайым оқиға туралы өкінішпен хабарлайды. Жұмысты орындау кезінде 1984 жылғы тау кен шебері өлімге әкелетін жарақат алды. Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр. «Қазақмыс» компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады, — деп жазылған хабарламада.