Басты бетЖаңалықтарНепалдағы жер...

Непалдағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 120-дан асты

Непалдың батысында болған 6,4 балдық жер сілкінісінен 128 адам қаза тауып, жүздеген адам жарақат алды. Бұл туралы India Today мемлекет телеарнасы хабарлады.

Непал премьер-министрі Пушпа Камал Дахалдың кеңсесі елдегі үш қауіпсіздік агенттігі де зардап шеккендерді дереу құтқару және емдеу үшін жұмылдырылғанын хабарлады.

Құтқарушылар таулы ауылдардан адамдарды іздеп жатқанда шенеуніктер қаза тапқандар санының артуы мүмкін екенін ескертті.

Жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша түн ортасы шамасында, адамдар ұйықтап жатқан кезде болды. Жерасты дүмпулері қаладан жүздеген шақырым жерде орналасқан Үндістан астанасы Нью-Делиде де сезілді.

Непалда 2015 жылы болған 7,8 баллдық күшті жер сілкінісінен 12 000-нан астам адам қаза болыр, 1 миллионға жуық құрылыс зақымдалған.