Алматыдағы №2 жылу электр орталығы 2026 жылы газға көшіріледі. Бұл туралы энергетика министрлігі хабарлады.
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев жұмыс сапарымен Алматыға келді.
Сапар барысында «Алматы электр станциялары» АҚ №2 ЖЭО және «Алматыжылужайэнерго» ЖШС Орбита қазандығының жұмысымен танысты.
№2 жылу электр орталығында министр әкімдік, «Самұрық-Энерго» АҚ өкілдерінің қатысуымен жылыту кезеңі жөніндегі үйлестіру штабының кеңесін өткізді. ЖЭО өкілдері EPC газға ауыстыратын мердігер анықталғанын, жұмыс басталғанын хабарлады. Белсенді кезең 2024 жылы басталып, 2026 жылдың соңына дейін аяқталады.
Сонымен қатар екінші ЖЭО-да №3 қазандық пен №1,2 турбиналарға күрделі жөндеу жұмыстары жасалып біткен. № 5 қазандықты күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Жалпы «Алматы электр станциялары» АҚ бойынша жөндеу науқаны қараша айының соңында аяқталады. Күзгі-қысқы жағдайда жұмысқа дайындық паспорты алынған, — делінген хабарламада.