Келер жылдың 1 қаңтарынан бастап кеншілер зейнетке 55 жастан бастап шығуы мүмкін. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова мәлімдеді.
Қазір тиісті құжат мәжіліс депутаттарының қарауында.
Қазір бұл заң жобасын мәжіліс депутаттары пысықтап жатыр. Егер құжат қолдау тапса, онда 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап, 55 жасқа толған кеншілер мен сол салада жеті жыл жұмыс өтілі бар азаматтар зейнетке шығады, — деді Тамара Дүйсенова.