Биыл алматылықтар бұл шараны әдеттегідей университет, мектептер мен кітапханаларда емес, ғарышты бақылау обсерваториясында, тұрғын үй кешендерінде және зағиптарға арналған кітапханада ұйымдастырғалы отыр. Өйткені, көру қабілеті нашар азаматтарға Брайл қаріпін пайдалану мүмкіндігі жасалып отыр.
Диктантта танымал жазушылардың туындылары оқылады. Биыл 68 мемлекеттің 200 мыңнан аса халқы орыс жазушысы Леонид Юзефовичтің шығармасы бойынша диктант жазады.
Шараға қатысқысы келетіндер арнайы сайт арқылы тіркеле алады.
Анна Бузело, Жалпы диктант сарапшылар комиссиясының төрайымы: «Бүгінде барлық салада білімді мамандар қажет. Ал іс қағаздарын қатесіз жүргізу үшін де грамматикалық біліктілік қажет. Сондықтан тілді жықсы білумен қатар жазу қабілетіне мән берілу керек. Өткен жылғы диктант қиын болған. Биыл да оңай болмайтын шығар. Бірақ білімді адамға ештеңе кедергі емес».