Басты бетЖаңалықтарҚасым-Жомарт Тоқаев...

Қасым-Жомарт Тоқаев апат болған Костенко атындағы шахтаға барды

Қасым-Жомарт Тоқаев апаттың мән-жайын анықтап, тиісті шешім қабылдау үшін Қарағанды облысындағы қайғылы оқиға орын алған жерге барды.

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

28 қазанға қараған түні Қарағандыда Костенко атындағы шахтада апат болды. Төтенше жағдай кезінде жер астында 252 шахтер болған. 208-і жер бетіне шығарылып, оның 18-і медициналық көмекке жүгінген.

Шахтада 23 кенші қалды. 21 кеншінің мәйіті табылды. Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр, — делінген сағат 12.00-дегі жағдай бойынша таратылған хабарламада.

Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке «АрселорМиттал Теміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды.