Басты бетЖаңалықтар«АрселорМиттал Теміртау»...

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ мемлекет меншігіне қайтарылады

Үкіметтің «АрселорМиттал Теміртау» АҚ акционерлерімен кәсіпорынның меншік құқығын Қазақстан Республикасының пайдасына беру туралы келісімшартты рәсімдеуі аяқталуға жақын.

Үкімет «АрселорМиттал Теміртау» АҚ акционерлерімен алдын ала уағдаластыққа қол жеткізгенін және кәсіпорынның меншік құқығын Қазақстан Республикасының пайдасына беру туралы келісімшартты рәсімдеу аяқталу үстінде екендігін хабарлаймыз, — делінген ҚР үкіметінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Қарағанды облысында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның Костенко атындағы шахтасында орын алған апаттың себептерін тергеу және оның салдарын жою жөніндегі үкіметтік комиссия құрылды.

Әлихан Смайылов Костенко шахтасындағы апаттың себептерін тергеу жөніндегі үкіметтік комиссияны басқарады.

Шахтадағы өрттің салдарынан топтық жазатайым жағдайдың себептеріне жан-жақты тергеу жүргізілетін болады. Сонымен қатар келтірілген залалды бағалау, зардап шеккендерге және қаза тапқандардың отбасыларына алғашқы көмек көрсету жөнінде шаралар қабылданады.