Басты бетЖаңалықтарПрезидент Қарағанды...

Президент Қарағанды облысында кеншілердің қаза болуына байланысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтадағы өрт салдарынан қаза болған кеншілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы үкіметке кеншілердің отбасыларына көмек беруді тапсырды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін үкіметтік комиссия құрылды.

Үкіметке «АрселорМитталТеміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтату тапсырылды.