Басты бетЖаңалықтарҚарағанды облысында...

Қарағанды облысында шахтадағы өрттен 16 адам қаза болды

Костенко шахтасында өрт болып, 16 адам қаза болды. 31 кеншіні іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Бұл туралы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

252 адамның 205-і жер бетіне шығарылды, оның 18-і медициналық көмекке жүгінді. 31 кеншіні іздеу жалғасып жатыр. 16 шахтердің денесі табылды, — делінген хабарламада.

Апат орнында құтқарушылар жұмысын жалғастырып жатыр.

Костенко шахтасында болған оқиғаға байланысты «АрселорМиттал Теміртау» АҚ ТЖМ және Қарағанды облысының ТЖ департаментінде ақпараттық және психологиялық қолдау үшін жедел желі телефондары жұмыс істейді 8 (7212) 51-72-23, 8 (7212) 49-72-70.