Ақтөбе қалалық мәслихатының экс-депутаты Сәния Мұратова 15 тәулікке қамауға алынды.
Ақпаратты Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
Ақтөбе қалалық мәслихатының экс-депутаты Сания Мұратоваға ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 596-бабының 3-бөлігі (көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу) және 608-бабының 1-бөлігі (көлік құралын мас күйде жүргізу) бойынша хаттама толтырылып, кеше сот қаулы шығарды.
Әкімшілік соттың 2023 жылғы 26 қазандағы қаулысын орындау мақсатында Сәния Мұратова 15 тәулікке Ақтөбе қаласындағы әкімшілік қамауға алынғандарға арналған арнайы ұстау изоляторына қамалды, — делінген хабарламада.