Ұлттық банк доллар мен рубльдің 26 қазанға арналған бағамын белгіледі.
Атап айтқанда, 1 доллардың құны – 475,86 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 5,08 теңге.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 475– 480 теңгеден сатылып жатыр. Ал, Алматыда доллар 476,5–479,3 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,93–5,11 аралығында саудаланып жатыр.