26 қазанда Қазақстанның екі қаласында ауаның ластану деңгейінің жоғарылауы болады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК синоптиктері хабарлады.
Синоптиктердің мәліметінше, Алматыда және түнде Атырауда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал, — делінген хабарламада.