«Құрметті клиенттер! Комиссия төлемей, депозит ашыңыздар! 2017 жылдың 3 сәуірінен бастап тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы және келісімшарттағы ақшаны көбейту туралы келісім жасалғанда, комиссия мүлде алынбайды. Бүгін «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Директорлар кеңесінің отырысында осындай шешім қабылданды»,- деп хабарлады банктің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, бұрын банктен депозит ашарда келісімшарттың 0,55 пайызы көлемінде комиссия алынатын.