«2017 жылдың тағы бір айрықша оқиғасы — «TURKVISION» 2017 байқауы. қазіргі заманғы эстрада әндерінің конкурсын тамыз айында Астанада өткізуді жоспарлап отырмыз. «TURKVISION» миссиясы — түркі мәдениетін насихаттау, түркітілдес музыканттар көрермендерінің аясын кеңейту, ортақ мәдени кеңістік құру және туыстас халықтар мен елдер арасында достық қарым-қатынастарды орнату»,-деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.
Естеріңізге сала кетейік, осыдан үш жыл бұрынғы «TURKVISION» байқауында Қазақстан намысын қорғаған Жанар Дұғалова 1-орын алған болатын.