Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2023 жылғы мемлекеттік сыйлығының жеңімпазы белгілі болды.
Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен биылғы мемлекеттік сыйлық «Қазақстан Республикасының атом-энергетика саласын құруға және көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясын іске асыруға арналған әлемдік деңгейдегі зерттеулер мен әзірлемелер» жұмысы үшін Эрлан Батырбековтың жетекшілігімен Қазақстан Республикасы ұлттық ядролық орталығының авторлар ұжымына берілді.
Аталған сыйлық ғылым мен техника саласындағы аса үздік жетістіктері үшін екі жылда бір рет беріледі.
- «Қазақстан Республикасы ұлттық ядролық орталығы» ШЖҚ РМК бас директоры Эрлан Ғаділетұлы Батырбековке;
- «Қазақстан Республикасы ұлттық ядролық орталығы» ШЖҚ РМК «Атом энергиясы институты» филиалы директорының бірінші орныбасары Виктор Владимирович Баклановқа;
- «Қазақстан Республикасы ұлттық ядролық орталығы» ШЖҚ РМК бас директорының орынбасары Владимир Анатольевич Витюкке;
- «Қазақстан Республикасы ұлттық ядролық орталығы» ШЖҚ РМК бас инженерінің орынбасары Денис Борисович Зарваға;
- «Қазақстан Республикасы ұлттық ядролық орталығы» ШЖҚ РМК «Атом энергиясы институты» филиалы директорының материалтану зерттеулері жөніндегі орынбасары Ерболат Тайтөлеуұлы Қоянбаевқа;
- «Қазақстан Республикасы ұлттық ядролық орталығы» ШЖҚ РМК бас ғылыми қызметкері Мәжін Қанапияұлы Сқақовқа;
- «Қазақстан Республикасы ұлттық ядролық орталығы» ШЖҚ РМК «Атом энергиясы институты» филиалының бас ғылыми қызметкері Ирина Лашкаровна Тәжібаеваға;
- «Қазақстан Республикасы ұлттық ядролық орталығы» ШЖҚ РМК «Атом энергиясы институты» филиалының термоядролық зерттеулер бөлімінің басшысы Бауыржан Жамбылұлы Шектібаевқа берілді.