Елімізде бұрын реконструкция, күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген 856 шақырым жол пайдалануға беріледі.
Бұл туралы көлік министрі Марат Қарабаев баспасөз конференциясында айтты.
Оның айтуынша, биыл құрылыс-монтаждау жұмыстарымен жалпы 11 мың шақырым қамтылған.
Халық тарапынан бірнеше автожол жобасына қатысты алаңдаушылық туындап отыр. Олардың қатарында Талдықорған-Өскемен, Астана-Алматы, Ақтөбе-Қандыағаш және Атырау-Астрахань жолдары бар. Биыл аталған автожолдардың бойында қозғалыс толық ашылады. Келесі жылы бұл жобалар толығымен аяқталып, халық игілігіне пайдалануға беріледі, — деді Марат Қарабаев.
Министрдің айтуынша, биыл Астана–Алматы, Атырау–Астрахань, Ақтөбе–Қандыағаш және Талдықорған–Өскемен автожолдарының бойында қозғалыс толық ашылады.