Басты бетЖаңалықтарГаза секторында...

Газа секторында Қазақстан азаматы мен оның қызы қаза болды

Газа секторында Қазақстан азаматы мен оның қызы қаза болды. Бұл туралы сыртқы істер министрлігі хабарлады. 

Министрліктің мәліметінше, қаза болған қазақстандық Юлия Әбу-Меалақ Палестина аумағында ұзақ уақыттан бері күйеуімен (Палестина азаматы) бірге тұрған. Оның 23 жастағы қызы — Палестина азаматы.

Бұған дейін сыртқы істер министрлігінің өкілі Айбек Смадияров кейінгі аптада Газа секторында 64 қазақстандық барын айтқан еді.

Газа секторының денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 7 қазаннан бері 4 651 адам қаза болып, 14 245 адам жараланған.