2018 жылдан бастап ауылдағы емханалардың саны үш есе артқан. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев астанада өтіп жатқан халықаралық конференцияда айтты.
Кейінгі 10 жылда Қазақстан алғашқы медициналық-санитариялық көмектің кешенді қолжетімдігін кеңейтіп, ұйымдастыру саласында айтарлықтай жетістікке қол жеткізді. Нәтижесінде бүгінде 6 мыңдай ұйым алғашқы медициналық көмек көрсетіп отыр. Бұл ұйымдарда 30 мыңға жуық маман жұмыс істейді. Елдегі бала жасындағы халықтың бәрі алдын ала медициналық бақылаумен қамтылған. Әр ірі елдімекенде жастар денсаулық орталығы бар. Оның үстіне жыл сайын 3 милионнан астам ересек адам скринниң мен кәсіби тексеруден өтеді, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Перзидент ауыл тұрғындарына медициналық қызмет алуда тең мүмкіндік ұсыну үшін ауқымды реформалар жүргізіліп жатқанын айтып өтті.
2018 жылдан бастап ауылдағы емханалардың саны үш есе артты. Телемедицина және қашықтан мониторингілеу сияқты цифрлық технологиялар енгізіліп жатыр. Бұл технологиялар алғашқы медициналық-санитариялық көмектің қолжетімдігін арттыруда жаңа мүмкіндіктер ашады, — деді мемлекет басшысы.