Басты бетЖаңалықтарБауыржан Мусин...

Бауыржан Мусин 400 мың теңге пара алып жатқан жерінен ұсталды

«Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Астана қалалық департаменті ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам істері жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Б.Мусиннің мемлекеттік сатып алуға қатысушылар мүддесін қорғау үшін жүйелі түрде пара алғандығын анықтады», — деп хабарлады Ұлттық бюроның баспасөз қызметі.

Бүгін, яғни 31 наурызда, Б.Мусин кәсіпкерден 400 мың теңге көлеміндегі параның кезекті бөлігін алу барысында ұсталды. Ол Астана қалалық ІІД уақытша оқшаулағышына қамауға алынды.

Параның жалпы сомасы 1,4 млн теңгені құраған.

«Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде», — делінген Ұлттық бюроның баспасөз қызметінің мәліметінде.

 

ДереккөзBaq.kz