Басты бетЖаңалықтарҚолайсыз ауа райына байланысты жолдар жабылып жатыр

Қолайсыз ауа райына байланысты жолдар жабылып жатыр

QazAvtoJol ауа райы бұзылғанына байланысты республикалық маңызы бар жолдардағы қозғалысқа шектеу енгізді.

Ақмола облысында сағат 20.30-дан бастап «Көкшетау – Атбасар» трассасында көліктің барлық түріне қозғалысқа тыйым салынды.

Сонымен қатар сағат 22.00-ден «Астана – Көкшетау» автожолында («Астана – Щучинск – Көкшетау») шектеу енгізу жоспарланып отыр.

Ақмола облысының жол мамандары күшейтілген жұмыс режиміне көшті.

Жол қозғалысына қатысты кез келген сұрақ бойынша тәулік бойы 1403 нөміріне хабарласуға болады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да